Өңірлер

Қазақстандықтарды "тұрақсыз" сейсенбі күтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы в снегу
Алматы в снегу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың оңтүстік және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА, 28 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-щашынды, тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде   тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарланады ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с болады.

Қостанай, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды  облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі17-22 м/с күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с болады.

Жамбыл, Қызылорда, түнде Оңтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.


Жаңалықтар
0