АСТАНА, 27 ақп — Sputnik. Ақмола облысында заңсыз алтын іздеуге түскен адамды тау жынысы басып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында.
Оқиға 25 ақпан күні таңертең Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" АҚ шахтасында орын алды.
"Западная" кенішінде тау жынысы опырылды. Салдарынан 1970 жылы туылған заңсыз атын іздеуші қаза тапты", — деп хабарлады әңгімелесуші.
Тексеру барысында ер адамның 19 ақпан күні заңсыз алтын руда алу үшін түскені белгілі болды. Денесі мәйітханаға жолданып, сараптама жүргізілді.