Оқиға

ШҚО-да тікұшақ құлаған жерді құтқарушылар жаяу шолуда

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуТікұшақ
Тікұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына көлікпен жету мүмкін болмағандықтан, құтқарушылар жаяу жүруге мәжбүр болған

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында тікұшақ құлаған жерді құтқарушылар жаяу шолуда деп хабарлады облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. 

Шығыс аймақтық аэромобилді жедел құтқару отрядының құтқарушылары көрсетілген координаталар бойынша болжамды оқиға орнына көлікпен жеткен.

"Жер бедері ойлы-қырлы болғандықтан, көлікті тастап, төңіректі жаяу аралауға тура келді", — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Аягөз ауданынан ІІД жедел тергеу тобының комиссиясы мен ШҚО ТЖД басшысының орынбасары МИ-8 тікұшағымен оқиға орнына ұшуға әзірленіп жатыр. 

Жаңалықтар
0