Қысы қатал Қазақстанда туып-өскен спортшыларымыз намысты қолдан бермей, жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жүлделі болды.

1/10
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon
Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстандық құрама 32 медаль иеленіп, жалпыкомандалық төртінші орынға ие болды

2/10
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon
31 елдің спортшылары Азия ойындарына қатысу үшін Жапонияға келді. Бұл Күншығыс елінде өткен төртінші Азиада.

Эзомон есімді ұшқыш тиін - Саппородағы қысқы Азия ойындарының символы. Бұл жануар Хоккайдо аралының мәңгі жасыл ормандарында ғана мекендейді.

4/10
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қола жүлдегері атанды.

5/10
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon
Қазақстандық фристайлшылар мұндай жарыстарда алдына жан салмай, үнемі үздік үштікке енеді.

6/10
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon
Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд 2017 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлері атанды.

7/10
© REUTERS / Issei Kato
Қазақстандық конькишілер де биылғы жылы жоғары жетістікке жетті. Суретте команда лидерлері - Дмитрий Бабенко, Денис Кузин, Федор Мезенцев.

Қазақстанның хоккей құрама командасы

9/10
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon
Қазақстандық биатлоншылар ауа райы қолайсыздығына қарамастан, ел қоржынына талай медаль салды.

10/10
© REUTERS / Issei Kato
Азия ойындарының жабылу салтанаты
