АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Режиссер Дэмьен Шазелл ең жас "Оскар" сыйлығы иегері атанды, ол "Ла-ла ленд" фильмі үшін марапатқа ие болды деп хабарлайды РИА Новости.
Шазелл "По соображениям совести" фильмін түсірген Мэл Гибсоннан, Барри Дженкинстен ("Лунный свет"), Кеннет Лонерганнан ("Манчестер у моря") және Дени Вильневтен ("Прибытие") озып кетті.
Сонымен, қазіргі таңда Шазелл "Оскар" сыйлығын иеленген ең жас режиссер.