АСТАНА, 27 ақп – Sputnik. Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыда бейресми кездесу өткізді, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне ресейлік басшының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Оның сөзіне қарағанда, мемлекет басшылары жексенбі күні Алматы маңындағы тау шаңғы курортында шаңғы тепкен. Дүйсенбі күні екі ел көшбасшылары ресми кездесу өткізіп, одан кейін Путин Тәжікстан мен Қырғызстанға ресми сапармен барады.
Бұрын хабарланғандай, келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр.