Өңірлер

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын түседі деп күтіледі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірнеше өңіріне жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі

АСТАНА, 27 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысында кей жерлерінде- көктайғақ, жаяу бұрқасын жел 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, түнде желдің күшеюі18 м/с күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады.

 

 

Жаңалықтар
0