Спорт

Қазақстан ерлер хоккейінде Азиада чемпионы болды

© Photo : olympic.kz/Izturgan Aldauyev & Daniyar MailybayevҚазақстандық хоккейшілер
Қазақстандық хоккейшілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы Саппорода өткен Ойындардың жалпы командалық есебінде 30 медальмен төртінші орынға ие болды

АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Саппорода Жапония құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, Қысқы Азиада ойындарының чемпионы атанды. 

Биатлоншы Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Спорт
Вишневская Азиаданың абсолютті чемпионы атанды

Хоккейлік ерлер турнирі Саппорода шеңбер жүйесінде өтіп, қазақстандықтар барлық үш ойынды жеңді. Жапондықтарды ойсырата жеуден бұрын Қазақстан хоккейшілері Қытайды 8:0 есебімен, Оңтүстік Кореяны 4:0 есебімен жеңген болатын.

Жексенбі күні қазақстандық мұз дружинасының гол иелері Ярослав Евдокимов (дубль), Илья Ковзалов, Кирилл Савицкий, Никита Михайлис және Константин Савенков болды. 

Шаңғыдан 30 километрлік масс-стартта қазақстандық Сергей Черепанов күміс, Николай Чеботько қола медаль иеленді.

Қазақстан құрамасының активінде қазіргі уақытта 30 медаль: 9 алтын, 10 күміс, 11 қола бар. 


Жаңалықтар
0