Оқиға

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен тікұшақ іздестірілуде

© Photo : airwar.ruТікұшақ
Тікұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бортында үш адамы бар тікұшақ Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кетті, құтқарушылар іздестіріп жатыр

АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Бортында үш адамы бар тікұшақ Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кетті, құтқарушылар іздестіріп жатыр, деп хабарлады өңірлік ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Құтқарушылардың хабарлауынша, жеке тұлғаға тиесілі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданының Қожа ауылынан ұшып, май құю үшін Аягөз ауданының Ақшатау ауылына қонуға тиіс болатын. Жоғалып кеткен тікұшақтың борында үш адам болған: екі жолаушы мен бір ұшқыш. 

Көзімен көрушілер тікұшақтың Айғыз ауылының үстінен ұшып бара жатқанын көрген. Алайда ол белгіленген орынға жете алмаған. Сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпады. Болжамды жоғалған жер Айғыз және Ақшатау ауылдарының арасы шамамен 100 шақырым құрайды. 

Іздестіруге жүріп өту мүмкіндігі жоғары техникада Үржар және Аягөз аудандары ТЖБ қызметкерлері шықты. Құтқарушылар жолсерікпен бірге Әбутәлі қыстағына қарай жол тартты. 

Өскеменнен көмекке ШӨАОҚЖ құтқарушылары келді. Жексенбі күні таңертең Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы мен облыс орталығынан МИ-8 тікұшағы жолға шықты. Оның бортында ШҚО ТЖД басшысының орынбасары мен құтқарушылардың тағы бір тобы бар. 

ШҚО ТЖД-ның дағдарыс орталығында оперативті штаб құрылды. Іздеуге ШҚО ТЖД мен АІІБ жеке құрамының 24 адамы, 24 техника бірлігі жұмылдырылды. Жергілікті атқару органынан жеке құрамның 10 адамы мен 5 техника бірлігі шоғырланды. 


Жаңалықтар
0