АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий жексенбі күні таңертең Саппорода (Жапония) өтіп жатқан Азиада аясында ерлер масс-стартында алын медальге қол жеткізді.
Савицкий 15 шақырымдық қашықтықтағы төрт отты шепте масс-стартты 44 минут 12,2 секундта жүгіріп өтіп, үш қателік жіберді. Екінші болған қытайлық биатлоншы Ванг Венкин одан 41,9 секундқа қалып қойды, қола жүлдегер – жапондық Косуке Озаки 59,3 секундқа кешікті.
Қазақстанның тағы үш өкілі Василий Подкорытов, Антон Пантов және Максим Браун финишке алтыншы, сегізінші және оныншы болып жетті.