Өңірлер

Қарағанды облысында жел тұрып, көк тайғақ болады деп күтіледі

© Photo : ДЧС Карагандинской областикүре жол
күре жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтарды 26 ақпанда тұманды әрі желді ауа райы күтеді

АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-щашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, Жалаңашкөл аауданында жел 17-22 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп шаңды дауыл болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі


Жаңалықтар
0