Өңірлер

Қостанайдан шыққан ұшақ не үшін қайта оралды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экипаж командирі ұшақтың бағытын өзгертуге шешім қабылдаған

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik.  Экипаж командирі қауіпсіздік ережесін бұзған жолаушыны түсріп кету үшін Қостанай-Алматы рейсі ұшағын кері бұрған деп хабарлайды Alau.kz  өңірлік порталы куәгерлерге сілтеме жасап. 

Оқиға 24 ақпан күні болды

"Ұшақ ұшқан кезде жолаушылардың бірі құқаққапты шешуден бас тартып, қауіпсіздік ережесін бұзды. Сол себепті экипаж командирі ұшақты кері бұрып, тәртіпке бағынбаған жолаушыны түсіріп кетті", — дейді рейс жолаушыларының бірі. 

Тәртіпбұзушыға ұшақпен ұшуға бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін. 

Портал ұшақтың қай әуе компанияға тиесілі екендігін айтпайды. Қостанай әуежайы бұл туралы ақпарат беруден бас тартты. 

Жаңалықтар
0