АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Қарағандыда иесіз сөмке табылған сауда орталығы жедел қызметкерлердің қоршауына алынды.
Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, сенбі күні сағат 10:48-де сауда орталығынан иесіз сөмке табылғандығы хабарланған. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер жөнелтілді. Ғимараттан 500 адам қауіпсіз жерге шығарылған.
Ғимаратты толық қарап шыққан қызметкерлер сөмкенің иесін тапты.
"Сөмкенің иесі түсіндіргендей, сауда орталығының күзетшісі рұқсат бермегендіктен сөмкесін кіреберіске қалдырып кетуге мәжбүр болыпты", — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik Қазақстан агенттігіне.