Қоғам

"Қазақстан" телеарнасы және радиосының басшылығы өзгерді

CC0 / / Пульт
Пульт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстан" ұлттық арнасының директоры болып Асқар Әшімов тағайындалды

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. "Қазақстан" ұлттық телеарнасы және республикалық радиосының басшылығы ауысты деп хабарлады "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы.

Ерлан Қарин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ерлан Қарин "Қазақстан" ТРК-ны басқарып, Нұрлан Қоянбаев бас продюсер болды

"Қазақстан" ұлттық телеарнасының директоры болып Асқар Әшімов тағайындалды. Бұдан бұрын ол "Қазақстан" РТРК" АҚ Атырау филиалының директоры болып қызмет еткен.

"Республикалық радио" ЖШС бас директоры болып Мәди Манатбек тағайындалды, ол 2012-2013 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ өндіріс бойынша басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. "Республикалық радио" ЖШС құрамына "Казақ радиосы", "Шалқар", "Астана", "Classic" сияқты төрт радиоарна енеді.

"Республикалық радио" ЖШС мен "Қазақстан" ұлттық телеарнасы –"Қазақстан" РТРК-ның еншілес компаниялары.

Жаңалықтар
0