АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Екі қазақстандық биатлон квартеті сенбі күні қысқы Азиадада аралас эстафетаның жүлдегерлері атанды.
Мәре сызығын 1 сағат 15 минут 40,3 секундта бірінші болып кескен квартетте Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий болды.
Екінші орынды тағы бір қазақстандық құрама иеленді – Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Антон Пантов. Олар жарыс жеңімпаздарынан 14,2 секундқа қалып қойды. Үшінші орын Күншығыс елінің биатлоншыларына бұйырды.