Қоғам

Исекешев айтқанын орындамаған "Астана LRT" басшысына сөгіс жариялады

© Sputnik / Болат ШайхиновПлатная парковка на вокзале Астаны
Платная парковка на вокзале Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімі айтқаны қаншалықты орындалғанын көру үшін кешқұрым темір жол вокзалына арнайы барған

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Елорда басшысы Әсет Исекешев айтқанын орындамаған "Астана LRT" басшысына сөгіс жариялаған. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Элвира Жүргенбаев фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Жүргенбаеваның айтуынша, Астана әкімі вокзал маңындағы жағдайды арнайы барып өз көзімен көрген. 

Енді Исекешевтің тапсырмасы бойынша дүйсенбіге дейін вокзалға кіретін қосымша тағы екі кіреберіс пен шығуға ыңғайлы тағы бір жол жасалатын болды. Бұдан бөлек, тұрақ үшін төлейтін тағы бір терминал қойылады. 

Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Исекешев Астана автобус жүргізушілерінің іс-әрекеттерін сынға алды

"Жол азабын жүрген білер. Шын мәнінде, бір жерге кетіп бара жатып, жолыңа біреу бөгет болса, кәдімгідей мазаң кетеді. Не ұзақ жолдан шаршап келе жатып, үйге жетуің қиындаса, қажып кетесің. Соңғы кезде Астанадағы темір жол вокзалының маңына кіріп-шығу қиындап, халықтың біраз әбіржігені бар. Оны естіген Астана әкімі Әсет Исекешев, мәселені шешуді тапсырған болатын. Айтқаны қаншалықты орындалғанын білу үшін, жақында ғана кешқұрым темір жол вокзалының алдына арнайы барады. Сонда көліктердің бірінің үстіне бірі шығып, бірі ішке кіре алмай, бірі сыртқа қиындықпен шығып жатқанын көреді. Нәтижесінде, әкімнің тапсырмасымен алдымыздағы дүйсенбіге дейін вокзалға кіретін қосымша тағы екі кіреберіс пен шығуға ыңғайлы тағы бір жол жасалатын болды. Одан өзге тұрақ үшін төлейтін тағы бір терминал қойылады", — деп жазды Жүргенбаева. 

Оның айтуынша, "Астана LRT" ЖШС басшысы Талғат Арданға берілген тапсырманы орындамағаны үшін сөгіс жарияланған. 

Жаңалықтар
0