Өңірлер

Түймебаев тікұшақпен су тасқыны қаупі бар аймақтарды қарап шықты

© Photo : пресс-служба КЧС МВД РКОҚО
ОҚО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қауіп туғызып отытрған суды бос жерлерге ағызып жіберуді ұсынды

АСТАНА, 24 ақп – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысу мақсатында бірқатар аудандарды аралады. Жұмыс тобы Шардара су қоймасын əуеден бақылап, Сырдария өзенінің аңғарын шолып шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов аймақтағы үш ірі Арыс, Келес, Бадам өзендері мен 117 кіші өзендер таудан бастау алып, барлығы елді мекендер арасымен өтіп, республикааралық Сырдария өзеніне барып құйылатынын айтты. 

"Осы өзендерде тасқынның пайда болуына құм, тас алу бойынша карьер жұмыстары себебін тигізуде. Өзендердің кез келген жерінен шынжыр табан техникалардың күндіз-түні шағал тастарды артуынан қазіргі таңда облыстағы барлық өзендердің арналары өзгеріп, ұлтаны бірнеше метрге отырған, жағалаулары шайылып кеткен. Нәтижесінде жыл сайын өзен бойындағы елді мекендерге, автожол мен көпірлерге, жоғары қуатты электр жүйелеріне, егістік жерлерге және басқа да шаруашылық нысандарға қаупін тигізуде", — деді Дербісов. 

Облыс әкімі  тасқын судың алдын алу бойынша тиісті шараларды тыңғылықты орындауды жүктеді. Бұдан бөлек, әкім облыста жыл сайын қайталанатын мəселені оңтайлы шешу жолын ұсынды.

"Көктемде көп мөлшерде жауатын жаңбыр кезінде тасқыннан қауіптенеді. Ал жаз кезінде егістікке су таппай қиналады. Сырдарияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұзақтығы 375 шақырымды құрайды. Алайда осыншама құнарлы алқаптың басым бөлігі бос жатыр. Егер арнайы дайындалған жоба жүзеге асса, диқандық кəсіпке бейім, əрі халқы тығыз қоныстанған аудандардың тұрғындары үшін қосымша тыныс ашылады. Бұл жоба бізге жыл сайын қайталанатын тасқынның алдын алуға да тікелей септігін тигізетін болады", — деген Түймебаев ұсынылған жобаларды қайта дайындап нақтылауды тапсырды.

 

 

Жаңалықтар
0