Оқиға

Астанада үш жігіт қымбат телефоны бар тұрғындарды тонаған

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жігіттер ауқатты және қымбат телефондары бар адамдарды сауда орындарында аңдыған

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Елордалық полицейлер Астанада адамдарды тонаған қылмыстық топты ұстады. Полицияның деректеріне сәйкес, олар үшеу болып әрекет еткен. Қолға түскен 22-26 жас аралығындағы жігіттер Қызылорда және Ақмола облыстарының тумалары. 

Қаскүнемдер сауда үйлерінен қажетті заттарын сатып алып шыққан адамдардың ізіне түсіп отырған. Сондай-ақ олар қымбат телефондары бар тұрғындарды да да аңдыған. Осылайша, күдіктілердің бірі дүкенде кәмелет жасқа толмаған жеткіншектің қолынан қымбат телефон байқап, оның соңына түсіп, үйіне дейін барып, 200 мың теңге тұратын телефонын алып қойған. 

Бұдан бөлек, 20 жастағы тұрғын сағат 23.00 шамасында Республика мен Иманов көшелерінің қиылысында үш бейтаныс адамның iPhone телефонын күштеп тартып алғаны туралы полицияға арызданған.

Сонымен қатар олар 42 жастағы тұрығынның ақшасы бар сөмкесін алып кеткен. Әйелдің дүкенде сауда жасап тұрғанын көрген олар соңын түседі де, подъезіне дейін барып, әмияны бар сөмкесін тартып әкеткен. Осылайша, оңай ақшаға құныққандар өздерінің жүріп-тұруы мен қымбат киімге ақша тауып келіпті.

Қазіргі уақытта  Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Ұсталғандар уақытша ұстау абақтысында қамалды. Қала аумағында жасалған өзге қылмыстарға олардың қатысы тексеріліп жатыр. 


Жаңалықтар
0