Қоғам

Көне Сарайшық қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналмақ

© Photo : ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіминистр культуры и спорта Арыстанбек Мухамедиулы в городе Сарайшык
министр культуры и спорта Арыстанбек Мухамедиулы в городе Сарайшык - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақыттағы басты мақсат – көне Сарайшық қалашығының табиғи бұзылуын тоқтату

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Сарайшық қаласына туристерді тарту үшін көне Тараз қалашығы үлгісінде ашық аспан астында музей ашу қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. 

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облысына жұмыс сапары барысында министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Сарайшық қалашығын сақтау мәселесі бойынша кеңейтілген отырыс өтті.  Басты тақырып Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан көне Сарайшық қалашығын сақтау мәселесіне арналды. 

филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шәкір Ыбырайұлы: Кенесары хан туралы түпнұсқа қолжазбаны араб әліпбиінен көшіру керек

Ескерткіштің құжатына сәйкес, оның ауданы 100 га. құрайды, алайда ескерткіштің аумағы Жайық (Орал) өзені шаюының әсерінен жылдан-жылға азайып келеді. Қазіргі таңда қалашықтың басым бөлігі Жайық (Орал) өзенінің әсерінен бұзылған.  Атырау облысының әкімдігі 2013 жылы ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес  құрылған "Сарайшық" қалашығын сақтап қалу мәселесін талқылау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімі бойынша Жайық өзенінің жағалауын бекіту бойынша жұмыстарды жүзеге асырған. Сарайшық қалашығын сақтап қалу мәселесіне қатысты кеңейтілген кеңесте бірегей тарихи ескерткішті сақтау бойынша алдағы қабылданатын шаралар талқыланды.

Отырыс барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомстваның республика аумағында тарихи және мәдениет ескерткіштерін сақтап қалу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда 220 тарих және мәдениет, археология, архитектура және монументалдық өнер ескерткіштері бар.

"Біздің басты мақсатымыз – көне Сарайшық қалашығының табиғи бұзылуын тоқтату. Біз бұл бірегей мәдени ескерткішті сақтап қалып, болашақ өскелең ұрпаққа табыстау үшін бар күшімізді салуымыз қажет. Бұл жерде әкімдікке жағалауды бекіту жұмыстары бойынша қабылданған шаралар үшін алғысымды білдіргім келеді. Бекіту жұмыстарын жүргізгеннен кейін археологиялық зерттеулер өз жалғасын табатын болады. Археологиялық қазбалардан кейін бірден реставрациялық жұмыстарға көшетін боламыз" — деді Мұхамедиұлы. 

Мәдениет және спорт министрлігі көне Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялық және консервациялау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бұл жерге туристерді тарту үшін көне Тараз қалашығы үлгісінде ашық аспан астында музей ашу қолға алынатын болады.  

Жаңалықтар
0