Саясат

Өзбекстанда Мәминді "Дустлик" орденімен марапаттады

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуАсқар Мәмин
Асқар Мәмин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орден жан-жақты өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін ұсынылды

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik.  ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин Ташкентке іссапары барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Шавкат Мирзиеев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Өзбекстан президенті Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Ташкентте 23 ақпан күні Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастық бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысы өтті.

Кездесу барысында президент пен бірінші вице-премьер сауда-экономика саласындағы екі елдің өзара ынтымақтастығының әлеуеті жайында ой бөлісті.

Өзбекстан президенті Асқар Мәминді "Дустлик" орденімен марапаттау салтанатын өткізді. Бұл марапат Асқар Мәминге Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, теміржол көлігі саласында елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан жеке үлесі үшін, сондай-ақ Орта Азия аумағында аймақаралық көліктік дәліздердің ірі жобаларын іске асыруға белсене араласқаны үшін тапсырылды. 

Жаңалықтар
0