Оқиға

Түркістандағы психо-неврологиялық диспансердің басшылары қызметтен қуылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтушенеунік
шенеунік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
60 тәрбиеленушісі туберкулезге шалдыққаны анықталған орталықта дезинфекция жасалуда

АСТАНА, 24 ақп — Sputnik. Бұған дейін де даудың ортасында қалған Түркістан қаласындағы психо-неврологиялық диспансердің басшылары жұмыстарынан қуылды, деп хабарлайды otyrar.kz сайты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Ведомство басшысының айтуынша, күні кеше ғана 60 тәрбиеленушісі туберкулезге шалдыққаны анықталған орталықта дезинфекция жасалуда.

Орталықтың саны 500-ден асатын науқастар мен қызметкерлерінде вирустың бар-жоғы тексерілген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл орталықта эпидемиологиялық ереженің бұзылғаны да анықталып оты. Қазіргі таңда науқастардың барлығы туберкулезге қарсы арнайы орталыққа жіберілген. Олар тиісті ем қабылдайды.

Айта кетейік, аталған мекеменің емделушілері туберкулезге шалдыққан. Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр айтты. Осы мекемеде қаңтар айында жүргізілген алдын алу тексеруі кезінде жеті науқастың өкпесінен туберкулез дерті анықталып, қазір олардың саны 61-ге жетіпті. Тіпті кісі өлімі де тіркелген.

Қазір құрт ауруын жұқтырғандар ем қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің дерегінше, олардың тең жартысы туберкулездің ашық түрімен ауырады.

 

Жаңалықтар
0