АСТАНА, 23 ақп — Sputnik. БТА Банкінің қаражатын жымқыру туралы істі тергеу аясында қамауға алынған "Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамайға Алматы тергеу изоляторында қысым жасалған, деп хабарлады ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы және Алматы облысының азаптауларды алдын алу бойынша Ұлттық алдын алу механизмі өңірлік тобының қатысушылары БАҚ-тарда жарияланған Жанболат Мамайға қысым жасалды деген ақпаратқа байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің тапсырмасы бойынша Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторына барды.
"Жанболат Мамаймен және осы мекемедегі адамдармен, сондай-ақ, адвокаты Балғабаевамен әңгімелескеннен кейін қамалған адамның бұл изолятордағы қауіпсіздігі лайықты түрде қамтамасыз етілмегені анықталды. Нақтырақ айтқанда, оған камераластары психологиялық және физикалық қысым көрсеткен. Қысым көрсеткендер — бірнеше рет сотты болған адамдар", — делінген хабарламада.
Жанболат Мамайдың адвокатының мекеме әкімшілігі қорғауындағы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолдануы туралы өтініш берген дерегін анықтаған, алайда ешқандай шара қабылданбағаны анықталды.