Өңірлер

Қазақстанда ауасы ең көп ластанған қалалар белгілі болды

© Sputnik / Юлия КузнецоваТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет 2016 жылға арналған ауа мониторингісінің қорытындыларын шығарып, экологиясы ең нашар қалаларды жариялады

АСТАНА, 23 ақп — Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік метеоқызметі ауаның ластануының ең төмен және ең жоғары деңгейіндегі елді мекендерді анықтады. 

Алматы, Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Шымкент және Ақай ауылы ластанудың жоғары деңгейдегі қалалар деп аталды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Жалпы 2016 жыл ішінде 46 елді-мекенде мониторинг жүргізілді, олардың 27 елді-мекені ластанудың төменгі деңгейіне, 10 елді-мекен ауа ластану деңгейінің көтеріңкі класына және 9 елді-мекен жоғары деңгей класына жатқызылды.

Ластанудың көтеріңкі деңгейіндегі қалалар: Жаңатас, Өскемен, Риддер, Қызылорда, Тараз, Семей, Шу, Петропавл және Глубокое, Бейнеу елді-мекендері;

Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Түркістан, Талдықорған, Степногорск, Ақсай, Көкшетау, Құлсары, Саран, Кентау, Ақсу, Жаңаөзен, Зырян, Рудный, Екібастұз, Қостанай, Павлодар, Орал, Ақтау, Атырау, Қаратау және Березовка, Январцево, Қордай Төретам, Қарабалық елді-мекендері мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы.

Атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау республиканың ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында жүргізіледі. Қазіргі уақытта атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау 46 елді-мекендегі  140 бақылау бекетінде,  соның ішінде 56 сынамаларды қолмен іріктеу бекетінде және 84 автоматты бекетте жүргізіледі. Сондай-ақ, бақылау 14 жылжымалы зертханалардың көмегімен жүзеге асырылады.

2015 жылмен салыстырғанда  атмосфералық ауа ластануының деңгейі Ақсай, Екібастұз, Степногорск, Риддер және Өскемен қалаларында төмендеп, оң динамикасы бар.

Жеті қалада: Ақтөбе, Астана, Балқаш, Петропавл, Шу, Қызылорда, Жаңатас және Ақай ауылында атмосфералық ауа ластануының деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда өсті.

Басқа елді-мекендерде  ластану деңгейі 2015 жылғы деңгейде қалды.

2016 жыл бойы атмосфералық ауаның жоғары ластануының (ЖЛ) 2828 жағдайы және төтенше жоғары ластанудың (ТЖЛ) 550 жағдайы мына қалаларда:  

Ақтөбе — ЖЛ 235 жағдайы мен күкіртті сутегі бойынша 67 жағдайы;

Балқаш — күкіртті сутегі мен қалқыма заттар бойынша ЖЛ 4 жағдайы  және күкіртті сутегі бойынша ТЖЛ 5 жағдайы;           

Қарағанды — РМ 2,5, РМ-10 қалқыма бөлшектер бойынша ЖЛ 14 жағдайы, көміртегі тотығы мен PM 2.5 қалқыма бөлшектер бойынша ТЖЛ     1 жағдайы;  

Петропавл – күкіртті сутегі бойынша ЖЛ 2563 жағдайы және ТЖЛ     477 жағдайы;

Теміртау — азот диоксиді мен күкіртті сутегі бойынша ЖЛ 12 жағдайы тіркелген.

Тіркелген ТЖЛ мен ЖЛ әрбір жағдайында, қажетті шаралар қолдану үшін ҚР Энергетика министрлігі хабардар етілді.  ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен себептері анықталып, шаралар қабылданды. Осылайша, Ақтөбе қаласының әкімі Б.Сапарбаевпен  2015-2017 жылдары кезеңіне Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген 16 іс-шараның, 13 іс-шара тармағы қаланың атмосфералық ауасының жай-күйін жақсарту бойынша  мәселені шешуге бағытталған.  

Петропавл қаласында атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластану көзі, «Қызылжар су»  ЖШС теңгерімінде тұрған, "Биопруд" сарқынды сулар жинақтаушысы болып табылатындығы анықталды. Атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластану бойынша анықталған бұзушылықтар үшін айыппұл түріндегі әкiмшiлiк жаза қолданылды, сондай-ақ, экологиялық заңнаманың бұзушылығын жою, соның ішінде алдағы уақытта атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластануын  болдырмау бойынша ұйғарым берілді.  

Балқаш қ. атмосфералық ауасының бір реттік ластануының себебі қала канализациясының ағынды сулары, ал жаз айларында — жануарлар қалдықтарының шіруі болып табылады.

Қарағанды қ. автотұрақ,  қоймалар және  тұрғын үйлер орналасқан,  станция ауданында артулар тіркелген. Атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен бір реттік ластануының себебі — автокөліктер шығаратын жоғарғы концентрация мен қалалық тазарту жұмыстарын (сенбіліктер) жүргізу барысында жиналған қоқыстарды өртеген уақыт  болып табылады.

Жүргізілген радиациялық мониторинг бойынша радиациялық гамма-аяның орташа мәндері мен Қазақстан Республикасы елді-мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивті түсімдерінің орташа тәуліктік тығыздығы шекті-рұқсат етілген деңгейден аспаған.


Жаңалықтар
0