Өңірлер

Павлодар облысында сібір жарасының таралуына айыпты адамдар жазаланды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТөрт-түлік
Төрт-түлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дертке шалдыққан малдың ветеринары мен иесі қомақты көлемде айыппұл төлейді

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Павлодар облысында 2016 жылғы жазда адамдар арасында түйнеменің таралуына айыптыларға қатысты сот үкімі шығарылды деп хабарлайды өңірлік прокуратура баспасөз қызметі. 

Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында былтыр шілде айында үш адам – 50 және 51 жастағы екі ер адам мен 31 жасар әйел – түйнеме жұқтырып ауруханаға түскен. Бірнеше күннен соң 51 жастағы ер адам көз жұмады. Үшеуі де ауру жұқтырған малды союға қатысқан. Ветеринардың анықтамасы жоқ ет жергілікті кафеге сатылып, мерекелік шараға қатысқан елу шақты адам дәмін татқан.  Алайда ешкім дертке шалдыққан жоқ. 

2017 жылғы 22 ақпанда аудан прокуроры сотталушылар В.И.Тимлер мен Р.С.Абасовтың өтініштері негізінде басты сотта істі қарауда сотталушылармен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімге келді.

Ветеринарлық дәрігер В.И.Тимлер  жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық індеттеріне қарсы екпе жасау бойынша іс-шараларды тиісінше өткізбей, заң бұзушылық жіберген. Малдың иесі Р.С.Абасов малды сою алдында ветеринарлық тексеріс жүргізбей және сойылған мал етін ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізбей, сондай-ақ кейін сату үшін сойыс пунктінен тыс жерде ауылшаруашылық малдарын сойып, ветеринария ережесін бұзған.  

Процестік мәмілеге келуде кінәлі тұлғалар айыптауды толық мойындады, дәлелдемелерді, іс-әрекетті саралауды, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшеріне қатысты дауласқан жоқ.

Ертіс ауданы сотының үкімімен Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округінің ветеринарлық пункті меңгерушісі В.И.Тимлер және жұқпалы індет жұққан малдың иесі Р.С.Абасов ауыр зардаптарға әкеп соқтырған ветеринарлық ережені бұзған үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандықтарын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Процестік шығындар өндірілді, жәбірленуші тараптың талап арызы ішінара қанағаттандырылды, прокурордың мемлекет пайдасына 4 миллион теңгеден астам сома мөлшерінде шығындарды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Жаңалықтар
0