Қоғам

"Қазақстан инжиниринг" төрағасының бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды

© Photo : radiotochka.kzҚанат Сұлтанбеков
Қанат Сұлтанбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық компания төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 22 ақпан күні елордада ұсталды

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков екі айға қамауға алынды деп хабарлады Астана қалалық сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Қазақстан инжиниринг" төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

"Есіл ауданы №2 сот шешімімен, бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алынды, яғни 16 сәуірге дейін", — деп хабарлады сотта.

Сұлтанбеков Астанада 22 ақпан күні ұсталған болатын. Қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалғандығы әлі хабарланған жоқ. 

Ұлттық компания сайты Сұлтанбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0