АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Республикамыздың батыс аймақтарының кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-щашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Ақмола, облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман көктайғақ күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман бақыланады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.