Экономика

Қазақстан мен Өзбекстан т/ж тасымалдарына жеңілдіктер туралы келісті

© Photo : АО "НК "ҚТЖ"жүк вагондары
жүк вагондары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан өнімдерін Өзбекстан арқылы өткізу арзандайтын болады

АСТАНА, 22 ақп — Sputnik. Қазақстандық және өзбекстандық теміржолшылар транзиттік тасымалдауға қолайлы тарифтік жеңілдігін жасауда, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі. 

Ташкентте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Қанат Алпысбаев Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты үкіметаралық 16-шы отырысы аясындағы кездесуде "Узбекистон темир йуллари" АҚ басшылығымен теміржол көлігі саласындағы өзара іскерлік байланысты дамыту туралы келіссөз өткізді.

Кездесуде екі ел аумағымен транзиттік тасымалдау көлемін өсіру мен жеңілдікті тарифті қолдану жайы талқыланды.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстаннан экспортқа шығарылатын астық және ұн өнімдерін, 45-футтық рефрижаторлық контейнерлермен тасымалдаумен қатар Қазақстан аумағы арқылы өзбекстандық жеміс-жидектерді және басқа да азық-түлік өнімдерін транзиттік тасымалдау бойынша келісімдер жасалды.

Келісім барысында өзбек тарапынан келетін экспорттық және импорттық шараларын Ақтау және Құрық порты арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша ұйымдастыру жайына "ҚТЖ" ҰК" АҚ баса назар аударып отыр.

© Photo : ҚТЖ ҰК "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Қанат Алпысбаев "Узбекистон темир йуллари" АҚ басшылығымен келіссөздер өткізді
 Қазақстан темір жолы ҰК АҚ президенті Қанат Алпысбаев  Узбекистон темир йуллари АҚ басшылығымен келіссөздер өткізді  - Sputnik Қазақстан
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Қанат Алпысбаев "Узбекистон темир йуллари" АҚ басшылығымен келіссөздер өткізді

Ташкентте "ҚТЖ- Жүк тасымалы" АҚ мен "Узбекистон темир йуллари" АҚ арасында Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдаудың электрондық коммерциялық ілеспе құжаттары бойынша ақпарат алмасуы туралы Келісімге қол қойылды

2016 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдауда өсім байқалады. Тасымалдау көлемі 19 миллион тоннаны құрады.


Жаңалықтар
0