Оқиға

Алматы облысында белгісіз біреулер банкоматтағы 5 млн теңгені өртеп жіберген

© PhotoЧеловек у банкомата
Человек у банкомата - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында банкоматтағы бүкіл ақшаны өртеп жібере жаздаған күдіктілер іздестірілуде

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Белгісіз біреулер Алматы облысы Сарыөзек елді мекенінде банкоматтың ішіндегі ақшаны өртеп жібере жаздаған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті. 

Алматыдағы жалған ақша шығарушылар цехы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жалған ақша шығарушылар цехы жабылды

Оқиға туралы хабар Кербұлақ аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 17 ақпан сағат 21.30-да түскен. Белгісіз біреулер елді мекендегі дүкендердің бірінде орнатылған банкоматты бұзбақ болады. Бұл ойларын іске асыру үшін олар газбен дәнекерлеу құрылғысын пайдаланған. Осының салдарынан жалпы сомасы 4,8 млн теңге болатын 5 және 10 мың теңгелік ақша өртенген. 

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары облыстық департаменттің тергеу басқармасының ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта күдіктілер анықтау және іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0