Оқиға

ШҚО-да жаңа министрліктің шенеунігі парамен ұсталды

© Sputnik / Болат ШайхиновПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік сатып алуда көмек көрсету үшін 6 миллион теңдеген астам қаражат алған

АСТАНА, 22 ақп — Sputnik. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты заң департаменті директорының орынбасары Арпабаев пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Арпабаевты ұстады. Ол 6,2 миллион теңгені министрліктің мемлекеттік материалдық резеврі комитетімен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа қол қою үшін алған. 

Арпабаев Өскемендегі ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтар
0