Өңірлер

Жаңа мобилдік қосымша: Киіз үй, асық пен Құрманғазы күйі

© AFP 2024 / Johannes EiseleҚыз бен жігіт
Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетаулық қыз-жігіт қазақша мобилдік қосымшаларды жасаумен айналысады, олардың арманы - отандық ұялы телефон шығару

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik, Меруерт Әлімова. Көкшетауда күйеу жігіт пен қалыңдық бірігіп фирма ашып, алғашқы өнімдері – балаларға арналған этностилдегі мобилдік қосымшаны жасап шығарды. Бұл қосымшаның әр кезеңінде жаңа қазақ күйі ойналады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

Албырт сезім

Айгерім – қалыңдық. Саматтың ата-анасы салған сырғаны мақтанышпен көрсетеді.

© Sputnik / Меруерт ӘлімоваСамат пен Айгерім
Самат пен Айгерім - Sputnik Қазақстан
Самат пен Айгерім

"Қыз-жігіт болып жүргенімізге төрт жыл болды, жақында үйленеміз. Студенттік шағымызда таныстық: ол бағдарламалаушы мамандығы бойынша бір курс жоғары оқитын, ал мен "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша білім алып жүрдім. Самат тынбай еңбек ететін – Қазақстан студенттер альянсында болды, КВН-де өнер көрсетті, студенттік театр актері болды. Мұндай еңбекқор ақылды жігітпен отбасын құру, бірлесіп бизнес бастау үрей туғызбайды", — деп қалжыңдайды Айгерім.

Екі жыл бұрын қос ғашық жеке іс бастауға шешім қабылдап, оған "Инсаай" деген атау береді: инновациялар, Самат және Айгерім.

Құрманғазы күйі мен танграм

Жуырда жалынды жастар алғашқы өнімдерін шығарды – танграм технологиясына негізделген, балаларға арналған мобилдік қосымша.

"Бұл идеяны кішкентай қарындасым "ұсынды", — дейді жас жігіт. – Балаларға арналған отандық ойындардың жоқтығын байқадым. Шетелдік ойындар жетеді ғой, бірақ оларды іздеу қажет". 

Самат пен Айгерім "Даму" қорына жүгініп, бизнес жоба құруға жәрдем алды. 800 мың теңге көлеміндегі грантқа екі жас барлық қажеттіні сатып алған – ноутбук, моноблок, лицензиялы бағдарламалар, жиһаз.

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық жасаушылар халықаралық викторина ойынын ойлап тапты

Танграм – көне шығыс басқатырғысы, ол шаршыны ерекше жолмен жеті бөлікке бөлгенде пайда болатын пішіндермен ойналады: екі үлкен үшбұрыш, бір орташа, екі кішкентай үшбұрыш, шаршы және параллелограмм. Оларды бір-бірімен қосып, неше түрлі фигуралар жасап шығаруға болады – жануарлар, құстар, еңбек құралдары немесе тұрмыстық заттар. Ойын бірнеше кезеңдерден тұрады, мәселен "айырмашылығын тап" және тағы басқалары.  Ол 3 жас пен 8 жас аралығындағы балаларға арналған. 

Ойынның басты ерекшелігі – ұлттық нақышта жасалуы.

© Sputnik / Меруерт Әлімова"Инсаай" ЖШС шығарған "Танграм" ойыны
Инсаай ЖШС шығарған Танграм ойыны - Sputnik Қазақстан
"Инсаай" ЖШС шығарған "Танграм" ойыны

"Біз заманауи технологияларды пайдалана отырып, ұлттық нақыштағы қазақстандық өнімді шығарғымыз келді. Мәселен, ойында жинаған ұпайыңыз асықтармен көрсетілген. Ал, кезеңдер киіз үймен бейнеленіп, оларға кірген кезде қазақтың күйлері ойналады, мысалы Құрманғазының күйі", — дейді Самат. 

Жобаның аты "Қадам", ал қосымшаға "7 бөлік" деген атау берілді.

Жаңалықтар
0