АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жұбайы Мехрибан Әлиеваны елдің бірінші вице-президенті етіп тағайындады деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан агенттігі.
2016 жылы қыркүйек айында Әзербайжанда Конституцияға түзетулер енгізу туралы референдум болған еді. Соның нәтижесінде республика басшысы өз өкілеттігін кеңейту құқығына ие болды. Сонымен қатар, президенттікке үміткерлердің жасына қойылған шектеу алынып тасталып, вице-президент қызметі енгізілген.
Қазіргі уақытта Мехрибан Ариф гызы Әлиева Гейдар Әлиев қорының президенті қызметін атқарады.