Қоғам

Qazaq Air ұшағының бұзылу себебі анықталуда

Жазылу
Бұзылу себептерін анықтауды ұшақты шығарушы компания Bombardier қолға алды

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Qazaq Air қазақстандық әуе компаниясы ұшақтың құйрық жағы не себепті бұзылғанын анықтауда деп хабарлады әуе компания баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бұдан бұрын Денис Кривошеев әлеуметтік желілерде Qazaq Air компаниясының Bombardier ұшағының бұзылуы туралы хабарлаған еді.

Су-27 - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Апатқа ұшыраған Су-27 ұшқышы: техника істен шықты деп ойлаймын

"6 ақпан күні ұшақтардың бірінде белгісіз бір ақау пайда болды. Қара жәшіктерден алынған ақпарат бойынша, бұл ақау қону немесе ұшу кезінде ұшақтың құйрығын соғып алу немесе басқа да дұрыс пайдаланбау жайттарына байланысты туындамаған. Демек ұшақтың бұзылуына бұл жайттар себеп болмаған", — деді агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы.

Оның сөзіне жүгінсек, кінәрат табылғаннан кейін Қоғамдық авиация комитеті мен Bombardier ұшақ шығарушы компаниясына бірден хабар берілген. Бұзылу себептерін анықтауды ұшақты шығарушы компания Bombardier қолға алды.

© Photo : Денис Кривошеевтің әлеуметтік желідегі парақшасыQazaq Air ұшағының бұзылуы
Qazaq Air ұшағының бұзылуы - Sputnik Қазақстан
Qazaq Air ұшағының бұзылуы

"Қазір екі негізгі нұсқасы белгілі. Бұл көмекші күш қондырғысының помпажы, соның кесірінен қондырғы бекітілген аралық деформацияланып, нәтижесінде фюзеляж корпусының пішіні өзгеріп кеткен. Екінші себеп – өндірістік ақау, бәлкім, құрастыру барысында ағаттық жіберілген болуы мүмкін", — деді баспасөз қызметінде.

Жаңалықтар
0