Қоғам

Қазақстандық стилист Парижде жылдың үздік шаштаразы атанды

© Photo : Аltaynews.kzВладимир Дубинин
Владимир Дубинин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Владимир Дубинин "Жоғары сән шаштаразы" атағын жеңіп алды

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Өскемен қаласынан шыққан стилист Владимир Дубинин Парижде халықаралық шаштараздар байқауын жеңіп алды. Әділқазылар оны жылдың үздік шебері деп бағалады  деп жазады өңірлік Аltaynews.kz басылымы.

Ұзын тырнақтар сыры немесе әлемдегі ең жылдам шаштараздың өнері - Sputnik Қазақстан
Ұзын тырнақтар сыры немесе әлемдегі ең жылдам шаштараздың өнері

Владимир бірнеше жылдан бері Мәскеуде жұмыс істеп жүр, өзінің жеке салоны бар. Алайда HCF Trophy International Hairdesign Contest конкурсында Қазақстанның намысын қорғады. 23 шаштараздың арасында топ жарған Владимир "Жоғары сән шаштаразы" атағына ие болды. Дубинин конкурс тарихында бұл марапатты екі рет жеңіп алған жалғыз стилист. Бірнеше жыл бұрын осы байқауда екінші орын алған болатын.

"Бәрі неге Қазақстанның атынан шықтың деп сұрап жатады. Айтпаса да, түсінікті ғой: мен Қазақстанның азаматымын, өз елімді, туған қалам – Өскеменді жақсы көремін, — дейді Владимир Дубинин. – Және мұндай дүбірлі додада өз елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе".

© Photo : Аltaynews.kzВладимир Дубининнің моделі
Владимир Дубининнің моделі - Sputnik Қазақстан
Владимир Дубининнің моделі

Үздік марапат пен атаққа ие болған Дубинин 2018 жылы HCF Trophy International Hairdesign Contest конкурсында әділқазылар қатарында болмақ. Сонымен қатар, L'Oreal Professional арналған шаш үлгілері топтамасын ұсынады.

Жаңалықтар
0