Өңірлер

Белгілі кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады

© Photo : Предоставлено АО "Алмател"Павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлық берілді
Павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлық берілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғам Елбасыдан полиция қызметкерлеріне мемлекеттік марапат беруді сұрайды

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Өткен сенбіде құқық қорғаушылардың ерлігіне тәнті болған кәсіпкер полиция қызметкерлері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовтің жұбайларына 5 миллион теңгеден сыйлаған.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарлық полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

"Бүгін біз Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Қазір қандай қиындықты бастан кешіп жатқандықтарын елестету өте қиын. Тезірек сауығып кетуін тілеп, материалдық көмек көрсетеміз. Олардың жасаған ерлігі әрбір қазақстандықтың жүргенде мәңгі қалары сөзсіз, себебі ол нағыз қаһармандардың фильмдерде ғана емес, өз арамызда да бар екендігін дәлелдейді", — деді "АЛМАТЕЛ" АҚ бас директоры Эрик Франке сыйлықтарды ұсынып.

© Photo : "АЛМАТЕЛ"АҚ ұсынғанПавлодарлық полицейлерге 5 миллион теңгеден сыйлық берілді
Павлодарлық полицейлерге 5 миллион теңгеден сыйлық берілді - Sputnik Қазақстан
Павлодарлық полицейлерге 5 миллион теңгеден сыйлық берілді

"Союз Отцов" қоғамдық бірлестігі Елбасыдан бұл полицейлерге мемлекеттік марапат беруді сұрады. ҚР Президент Әкімшілігіне арналған үндеудің мәтінін қоғамдық бірлестік басшысы Қуаныш Жұматаев әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

"Мұрат пен Баянбек үлкен ерлік жасап, балалардың өмірі үшін жауапкершіліктің жоғары деңгейін танытты. Өздерін нағыз әке, нағыз Отан қорғаушысы ретінде ұстап, полиция қызметкерінің қандай болуы керектігін көрсетті, ең бастысы, оқушылар мен мұғалімдерді құтқарып қалды", — делінген хабарламада. 

Жаңалықтар
0