АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей дипломаты Виталий Чуркиннің қазасына орай көңіл айтты.
"Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркиннің қазасына орай қайғырып көңіл айтамын. Ол әлемдегі ең білікті дипломаттардың бірі еді", — деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин 65 жасқа толар туған күнінен бір күн бұрын Нью-Йорк қаласында аяқ астынан көз жұмды.
Чуркин Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін 2006 жылы сәуір айынан бері атқарып келе жатқан еді.