Экономика

Қазақстанның ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Базалық пайыздық мөлшерлерме 11 пайыз деңгейіне дейін төмендетілді

АСТАНА, 20 ақп – Sputnik. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1% дәлізбен 11 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады төраға Данияр Ақышев. 

Осылайша, Ұлттық банк коммерциялық банктерді 12%-бен қаржыландырып, ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) салымдарын 10%-бен қабылдайтын болады. 

"Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі баға және қаржылық тұрақтылық арасындағы ұзақмерзімді теңгерімді көрсетеді және тиісінше оның ақша-несие саясатын одан әрі жұмсарту әлеуеті шектеулі",- делінген хабарламада.

Осы ретте банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторлар ескеріле отырып қабылданғанын атап өткен: 2017 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,9 пайызды құрап баяулады және Ұлттық банктің болжамдарына толық сәйкес келеді. Жекелеген тауар нарықтарында, ақылы қызметтер нарықтарында бағаның жылдам өсуі инфляцияның жалпы деңгейінің серпініне айтарлықтай әсер етпейді және басқа тұтынушылық тауарлар мен қызметтер нарықтарындағы қалыпты баға үрдістерімен өтелетін болады. 

банк қызметкері - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстандықтар үшін несиелер арзандауы мүмкін

Халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты қаңтарда жүргізілген пікірге сәйкес, респонденттердің инфляцияның болашақтағы деңгейіне қатысты күтулерінің байқалып отырған жақсару үрдісі олардың про-инфляциялық әрекеттерінің жұмсарғанын көрсетіп отыр. Инфляциялық күтулердің сандық бағасы халықтың күтулерінің нысаналы дәліз шеңберінде қалыптасатынын және нақты инфляция мәнінен төмен (қаңтарда 6,6%) деңгейде белгіленетінін көрсетіп отыр. Бұл ретте инфляцияның жоғары болатынын күтетін респонденттердің үлесі өткен жылдың ортасынан бері ең төменгі мәнге азайды. 

Экономиканың базалық салаларының дамуын көрсететін қысқамерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтарда 103,8 пайызды құрап, қалыпқа келетін өсу аймағында болып отыр. 2017 жылы нақты ІЖӨ-нің өсуі 2 пайыздан асатын деңгейде болжанып отыр. Іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуінің және ішкі ақша және валюта нарықтарындағы тұрақтылықтың жағымды белгілерінің болуына қарамастан, экономиканың одан әрі дамуы үшін, бірінші кезекте, инфляциялық процестер үшін әлеуетті тәуекелдері бар сыртқы және ішкі күйзелістердің туындау ықтималдығы сақталуда. Олардың ішінен әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы баға белгіленімдеріне өте қатты тәуелділікпен, сондай-ақ сауда әріптестері елдерінің экономикаларын қалпына келтіру жылдамдығымен байланысты сыртқы тәуекелдерді де, бюджет шығыстарын ұлғаю жағына қарай қайта қарауды да атап өткен жөн. 

Базалық мөлшерлеме бойынша болашақтағы шешімдер ішкі сұраныстың іргелі факторларының бұдан кейінгі серпініне және қаржы секторындағы ахуалдың орнықтылығына байланысты болады.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 10 сәуірде Астана уақыты бойынша 17.00-де жарияланады.


Жаңалықтар
0