Оқиға

Төрт алматылықты өлтірген ҰҚТ мүшелері сотталды

Жазылу
Алматыда пәтерлер үшін адамдарды өлтірген қылмыстық топ мүшелері ұзақ жылға сотталды

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Пәтер иемдену үшін жалғыз тұратын алматылықтарды өлтірген банданың мүшелері 6 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды деп хабарлады Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, 2016 жылы ақпан-наурыз айларында жеті адамнан тұратын қылмыстық топ Алматы қаласында "қанды бизнес" жүргізген. Олар ішімдікке салынған, жеке меншік пәтерінде жалғыз тұратын азаматтарды тауып өлтіріп, түрі ұқсайтын өзге тұлғалар арқылы пәтерлерін сатқан.

"Алматы қаласының төрт тұрғыны ҰҚТ-тың ауыр және аса ауыр қылмыстарының құрбаны болған, олардың бірі топ қатысушыларының қалауынан тыс жағдайларға байланысты аман қалған", — деп ақпарат береді сот.

Арнайы жасақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БАҚ: мұнай ұрлау ісі бойынша Алматыда ҰҚТ басшысы ұсталды

Алқабилер шығарған үкім бойынша, ҰҚТ-тың алты қатысушысы 6 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды, жетінші қылмыскерге қатысты қылмыстық іс өндірісі оның қазасына байланысты тоқтатылды. Сотталғандардан моралдік өтемақы ретінде 2 миллион теңге алынды, сондай-ақ олар марқұмдардың жаназасын шығару рәсімдерінің шығынын өтейтін болады.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтар
0