АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Жамбыл облысында қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметкерлердің хәлін сұрап барды деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
© Photo : ҚР қорғаныс министрлігіҚорғаныс министрі қар көшкінінен зардап шеккен сарбаздарға барды
Қорғаныс министрі қар көшкінінен зардап шеккен сарбаздарға барды
© Photo : ҚР қорғаныс министрлігі
Әскери қызметкерлер Таразда әскери госпиталге жатқызылған. Тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта олардың жағдайы бір қалыпты.
© Photo : ҚР қорғаныс министрлігіҚР қорғаныс министрі Сәкен Жазұзақов пен қайтыс болған сарбаздардың туған-туыстары
ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жазұзақов пен қайтыс болған сарбаздардың туған-туыстары
© Photo : ҚР қорғаныс министрлігі
"Әскери ведомство басшысы қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына да кіріп шықты. Қорғаныс министрі зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтып, сарбаздардың әрқайсысының әскери борышын қалтықсыз орындап, әскери қызметтің нағыз білікті мамандары болғандықтарын атап өтті", — делінген хабарламада.