АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы екі автожолдың жабылуына боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болды деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті.
Жамбыл облысында республикалық маңызға ие Алматы-Ташкент авто жолының 534-593 км аралығы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
Оңтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез 593-632 км аралығы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.