АСТАНА, 18 ақп – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жұма күні кешке (Астана уақытымен сенбі күні таңертең) кәсіби рингтегі 23 жекпе-жегінің 23 жеңісіне жетті.
Уилмингтон (АҚШ) қаласында өткен жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin чемпионы Ислам бразилиялық Робсон Ассисті жеңді. Бокс кеші аяясында өткен титулды жекпе-жек он раундтан тұруға тиіс болатын, бірақ қазақстандықтың қарсыласы бірінші раундта нокаутке түсті. Бұл ретте жекпе-жектің басында Исламның қабағы жарылғанына қармастан боксты жалғастыра берді.
"Менің бапкеріме, еліме, қазақ халқына, ағама рақмет. Мен жақсы дайындалдым. Маған Канелоны, Котоны беріңіздер, маған үлкен жекпе-жектер керек! Мен рингте өлуге дайынмын! Менің уақытым келіп жетті", — деді қазақстандық жекпе-жектен кейін.
Қазіргі уақытта, 2012 жылдан бері кәсіби рингте өнер көрсетіп жатқан 32 жастағы қазақстандық боксшы жеңілмей келеді.