АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған тағы алты адам құтқарылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Бұған дейін белгілі болғандай, іздеу жұмыстары барысында қаза тапөан жеті адамның денесі табылып, 10 адам құтқарылды.
"Құтқарылған адамдардың саны 10-нан 16-ға дейін өсті. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", — деп хабарлады Иманқұлов.
Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөліміндегі әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні болған. ҚР ІІМ ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықта қолбасшының басшылығымен жедел штаб құрылды
Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы барысында күтпеген жерден қар көшкіні туралы хабар бүгін сағат 13.15 шамасында түскен. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде.