Вова – Қазақстанның батысындағы Орал қаласы балалар үйінің тәрбиеленушісі, ал Влад – елдің екінші бір қиыр шеті Өскемен қаласында тұрады.
"Біз жұлдыз емеспіз", — дейді Влад пен Вова. Олар әлем бойынша халықаралық конкурстарға қатысып жүрсе де, мақтанып кеуде кермейді.
11 ақпанда НТВ телеарнасында басталған "Ты супер!" жобасы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға өз дарынын бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік береді. Қазір іріктеу кезеңі жүріп жатыр, әрбір қатысушыға қолдау мен жеңіске деген сенім ауадай қажет.