АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Полицияға бағынбау үшін салынатын айыппұлды көбейту туралы ұсынысқа құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалған шабуыл санының артуы себеп болды деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Жүргізілген статистикаға сүйенсек, билік өкілдеріне күш қолдану деректері бойынша былтырғы жылы 600 қылмыстық іс қозғалса, 2015 жылы – 500, ал 2014 жылы 300-ден асқан.
"Сол себепті мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауды күшейту мақсатында ҚК 380 бабы 1 бөлігінде қарастырылған жазаны қатаңдату, яғни 2000 АЕК-ден 5000 АЕК-ге дейін айыппұл салып, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды. Осылайша, бұл әрекет қылмыстың орташа түріне жатқызылады", — деп жазады Сәдубаев Facebook парақшасында.