АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Қытайдағы ТВ конкурске қатысып жатқан қазақ әншісі Димаш Құдайбергеновтың танымалдығы ҚХР туристтерін ЭКСПО-2017 көрмесіне тартуға көмектеседі деп мәлімдеді ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали.
"Бір қызығы, Димаш қазірдің өзінде Қазақстан туризмінің өзіндік бір бейнесіне айналды. Қытай туркомпаниялары сайттарына Қазақстанға, Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне бару туралы хабарландырумен қатар Димаштың суретін жариядауда. ЭКСПО кезінде Димаш ән орындайды", — деп жазды Иғали Facebook парақшасында.
Димаш Құдайбергенов музыкалық конкурсқа қатысып, қытай жұртшылығын тәнті еткен болатын. Қазіргі уақытта көрермендер назарына конкурстың төрт кезеңі ұсынылған. Осы сенбіде қытайлық телеарнада көрсетілетін бесінші кезеңде қазақ әншісі Бруно Марстың танымал хит әні Uptown Funk орындайды.
Марат Иғали қытай әлеуметтік желісі Wechat сілтемесімен бірге хабарлағандай, Димаш конкурстың алтыншы кезеңінде Adagio әнін жоғары деңгейде орындап, бірінші орын иеленді.