АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Шымкентте алаяқатық жасағаны үшін сотталған Нигерия азаматтары қазақстандық соттан жазаны жеңілдетуді сұрайды.
Нигериялықтардың айтуынша, олар ел экономикасына қомақты инвестиция құю үшін былтырғы жылы Оңтүстік Қазақстанға келген. Шымкентте жергілікті кәсіпкерлердің бірімен Атыраудағы бекіре зауыты құрылысына 10 миллион доллар салуға келіседі. Ақшаны да бірден береді, бірақ арада тура мағынадағы "қаралай қолма-қол ақша" жүреді. "Инвесторлар" серіктесіне кедендік сканер бұл ақшаны көрмес үшін қара қағазбен жіберілген деп түсіндірген. Олар бизнесменге ақшаны қалай ағартуды үйретіпті. Технологиясы онша қиын емес екен: екі қара қағаз ақшаның ортасына бір түпнұсқаны (100 долларлық банкнот) салып, осы "бутербродқа" арнайы сұйықтық жағу керек, содан кейін тоңазытқышқа 20 минутқа қою қажет депті. Әкелген "қара ақшаны" түгел ағарту үшін нигериялықтар серіктесінен мың доллар сұрайты. Шымкенттік бизнесмен бірдеңеден сезіктенді ме, әлде шынымен ақшасы болмады ма, әйтеуір, оларға бар болғаны 18 мың доллар берген екен. Және полицияға да хабар беріпті. "Инвесторлар" бірден қолға түсті, алайда қолдарында қара да, жасыл да, ақ та доллар болмай шықты.
Қаңтар соңында сот нигериялықтарды ас ірі алаяқтық жасағандары үшін айыпты деп танып, 5 жылға жалпы тәртіпті колонияға соттады, бірақ рақымшылыққа байланысты жаза мерзімі 3 жыл 9 айға дейін қысқартылған. Сотталғандар оны Қазақстанда өтеуі тиіс.
"Сотталаған Нигерия азаматтары Оңтүстік Қазақстан обысы апелляциялық сотына жазаны жеңілдету туралы өтініш жазды", — деп хабарлайды Otyrar.kz өңірлік порталы.