Экономика

Қазақстан әлемнің ТОП-50 экономикалық еркін елдерінің қатарына енді

© Photo : almaty2017.com/ru/Қазақстан туы
Қазақстан туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан The Heritage Foundation америкалық зерттеу орталығы құрастырған әлемдегі экономикалық тұрғыда еркін елдер рейтингінде 69 орыннан 42 орынға көтерілді

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Америкалық "Мұра қоры" зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты. Қорытындысы бойынша Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42 орынға ие болды. Сонымен қоса Ресей мен Беларусьтан алға шықты деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрі сайты.

мұнай өңдеу - Sputnik Қазақстан
Экономика
Елбасы мұнай өндіру мен өңдеуді арттыруды тапсырды

Қазақстан 100-ден 69  ұпай жинады (елдің экономикалық еркіндігінің максималды рейтингісі). Өткен жылмен салыстырғанда экономикалық еркіндік көрсеткіші бірден 5,4 пунктке жақсарды. Бүгінде Қазақстан рейтингте өзінің 42 орнын Ямайка мен Перумен бөлісуде.

Бір жыл бұрын Қазақстан бар болғаны 69 орында болған. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Рейтингте бәрінен жақын тұрғаны Польша – 45 орын.

Рейтингті құрушылар елдердің экономикаларын он өлшем бойынша бағалайды, олардың ішінде – меншік құқығының кепілдігі, сыбайлас жемқорлықтан қорғау, бюджеттік шығындардың тиімділігі мен айқындығы, сауда еркіндігі, еңбек нарығының икемділігі.

Талдаушылар еңбек нарығының икемділігі мен қаржылық тәуелсіздіктен басқа, барлық дерлік рейтингтер бойынша оң баға берді.

Уран кәсіпорыны - Sputnik Қазақстан
Экономика
Шикізат бағасын ұстап тұру үшін Қазақстан уран өндіруді 10%-ға қысқартады

Сарапшылар өсудің себебін Қазақстанның соңғы он жылда экономика икемділігі мен ашықтығының саясатынан едәуір пайда тапқанымен түсіндіреді. Сонымен қатар, мемлекет маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындарда, әсіресе энергетикалық секторда өз үлесін сақтауды жалғастыруда. Қолайлы реформалардың мысалы ретінде банктің жекешеленуі, бәсекеге қабілетті салық мөлшерлемелерін енгізу, сонымен қатар сауда режимін жаңғыртуды атауға болады. 

Америкалық "Мұра қоры" зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) – АҚШ-тың 1973 жылы негізі қаланған стратегиялық зерттеу институты. Ол халықаралық саясатты зерттеудің кең спектрімен айналысады. Институт қоғамның статистикалық үлгісін құрып, оны жұртшылыққа қолжетімді ету идеясын ұсынады. Қор бірқатар талдамалық зерттеулерді таратушы, олардың ішіндегі ең танымалы – жыл сайынғы "Экономикалық еркіндік индексі", "2000 саяси сарапшылары", "Көшбасшылыққа мандат".

Жаңалықтар
0