Саясат

Неліктен сириялық кездесудің қорытындылары бойынша коммюнике қабылдамады

© Sputnik / Болат ШайхиновСирияаралық келіссөздер
Сирияаралық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирияаралық реттеу тараптары Астанада өткен екінші кездесуде екі жақты және үш жақты форматтардағы жұмысқа ауды

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Астанадағы сириялық реттеу бойынша келіссөздерге қатысушылар неліктен кездесудің қорытындылары бойынша коммюникенің қабылданбағаны туралы айтып берді. 

Қорытынды брифингте сөз сөйлеген РФ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Астаналық алаңның форматы бірегей екенін мәлімдеді.

"Бізде бұл шараны ашу рәсімі болған жоқ, біз формалдық бөлімнен кетуге тырыстық. Сондықтан біз екі жақты, үш жақты және сарапшылық деңгейде байланыстарға барынша көңіл аударуды ұйғардық. Біз ақырғы мәлімдеме жасауды ойластырып, мәтін әзірледік. Бірақ соңында  қандай да бір мәселерді ұзағырақ талқылаумен шектелуді жөн көрдік", — деді Лаврентьев. 

Оның сөзіне қарағанда, көпшілік ұсыныстар "негізінен Астана-1 қорытынды мәлімдемесін қайталап, оны болмашы ғана толықтыратын". 


Жаңалықтар
0