Қоғам

Қазақстанда жұма күні қар жауады деп күтіледі

© Sputnik / Руслан Шамуков / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның кейбір облыстарында тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшеюі сақталады.

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа-райы сақталады кей жерлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде жауын-шашаын күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайты. 

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау,Батыс Қазақстан,Ақтөбе,Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын,жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының  кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облынының кей жерлерінде тұман,күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман  болып, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Жаңалықтар
0