АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Оңтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.
"Оңтүстік-Қазақстан облысында елеулі жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуынан 16 – 18 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде. Қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыз", — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек жақын тәуліктерде, 17 ақпанда күшті жауын-шашын болжамына сәйкес Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аласа таулы өзендерінде еріген қар-жаңбырлы су тасқының және беткейлік ағынның пайда болуы күтіледі.