АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Парламент сенаты Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіруге және ҚР-ның құқықтық саясаты тұжырымын 2010-нан 2020 жылға дейінгі мерзімде жүзеге асыру аясында әзірленген кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық актілерді қабылдады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында банктік заңнаманы жетілдіру бөлімінде банктік секторды сауықтыру бойынша шаралар қарастырылған. Атап айтар болсақ, Ұлттық банктен "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ны үкіметке беру көзделіп отыр", — деп атап өтті әділет министрі Марат Бекетаев.
Проблемалық несиелер қоры екінші деңгейлі банктердің проблемалық қарыздарын "жою" үшін, яғни олардан үмітсіз және проблемалық міндеттемелерді сатып алу үшін құрылды.